ШҚО-да тағы өрт, бұл жолы 15 гектар жер отқа оранды

14 Мамыр 2021, 11:15
1481
Бөлісу:
ШҚО-да тағы өрт, бұл жолы 15 гектар жер отқа оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан ауданында «Қаратал Құмы» учаскесінде 15 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Өрт сөндіру бөлімшелері мен орман шаруашылығы өрт сөндірушілері жедел түрде өрт орнына жетті. 15 гектар аумақта өртті сөндіруге 15 құтқарушы мен үш техника, орман шаруашылығының екі техникасы, трактор және 12 адам қатысты, сонымен қатар көмекке Зайсан шекара заставасынан 70 сарбаз келді, - делінген хабарламада.

Орман өртінің көпшілігі адамдардың отқа ұқыпсыз қарауынан болады. 

Құрғақ, жылы (ыстық) және желді ауа райында от жағуға тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы