Бас жаңалықтар
ШҚО-да тағы 8 үй өртенді
12 Мамыр 2021, 00:21 380

ШҚО-да тағы 8 үй өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде бірнеше үйді қызыл жалын шарпыды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 11 мамыр күні сағат 16:48-де Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан демалыс базаларының бірінде шыққан өрт лезде 8 үйге, дәмхана шатыры мен моншаға жайылып кеткен.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың жалпы ауданы 409 шаршы метрді құрап отыр. Мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккен ешкім жоқ, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта сол жерде жеке құрамнан 48 адам, 6 автоцистерна, жергілікті атқарушы органның 5 өкілі жұмыс істеуде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...