Бас жаңалықтар
ШҚО-да су қоймаларына шомылуға тыйым салынуы мүмкін
25 Шілде 2021, 19:32 301

ШҚО-да су қоймаларына шомылуға тыйым салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтеншеліктер қайғылы жағдайлардың болуына, осылайша, тосқауыл қоймақ. ШҚО-да суға шомылу маусымы басталғалы бері 24 адам суға кеткен. Құтқарушылар Үржар ауданының Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірігіп халық ең көп баратын демалыс орындарының бірі - Алакөлде акция өткізді деп хабарлайды altaynews.kz. 

Жыл сайын мұнда 12 мыңға жуық азамат демалады. Барлығы 180-нен астам демалыс орны бар. Қазіргі таңда облыста суға шомылу кезеңінің басынан бері 24 адам суға кетті, оның ішінде 6-ы бала. 

Суға батып кеткендердің көбейгеніне алаңдаған құтқарушылар бұдан былай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тыйым салынған шомылу орындарында патрульдеп, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік роликтер мен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді және балалар лагерлерінде викториналар ұйымдастырады. Алайда кез келген демалушы ережелерді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінбейінше, жағдайды өзгерту қиын болады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Еріктілер облыстың су айдындарында қаза болғандарды еске алу және демалушылардың назарын қауіпсіздік шараларына аудару мақсатында 23 әуе шарын ұшырды. «Қауіпсіз жағажай» акциясы аясында құтқарушылар мен еріктілер демалушыларға нұсқау беріп, демалыстарын су жанында қалай қауіпсіз өткізу туралы жадынамаларды табыстады. 

Қазіргі уақытта өңірде демалыс базаларының иелеріне жағажайларды бекіту бойынша кәсіпкерлермен 17 меморандум жасалды. Ал су қоймасында демалушы суға кетіп қалған жағдайда жағажайда шомылуға тыйым салынуы мүмкін, - деп атап өтті ШҚО ТЖД.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...