ШҚО-да шаруа қожалығы өртке оранды

31 Қазан 2020, 18:05
1467
Бөлісу:
ШҚО-да шаруа қожалығы өртке оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданындағы шаруа қожалығында өрт шықты, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 30 қазанда сағат 21:00 шамасында Андроновка ауылында орналасқан шаруа қожалығындағы мал қорасының шатырын жалын шарпыған. 

Лезде тарай бастаған тілсіз жауды сөндіруге 5 өрт сөндіруші, шаруа қожалығының 10 жұмысшысы, 1 автоцистерна мен трактор жұмылдырылды. 480 шаршы метр аумаққа жайылған өрт сағат 23.50-де сөндірілген. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осы ретте, ТЖД шаруа қожалықтарының басшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Өзгелердің жаңалығы