ШҚО-да шабындықтан шөп ұрлағандар ұсталды

20 Тамыз 2019, 15:15
2352
Бөлісу:
ШҚО-да шабындықтан шөп ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде біреудің шауылып, түктеліп дайын тұрған шөбін ұрлағандар анықталды, деп хабарлады Алтайньюс.

Полиция бөліміне шағымданған адамның айтуынша, Семей – Абай ауданы тас жолының бойындағы шабындығынан даярлап қойған шөбінің 100 шақты орамасы жоғалған. Айтуынша, шығын мөлшері 35 мың теңге.

Тәртіп сақшылары болған оқиғаны бейнекамерадан көріп, ұрлағандарды анықтады. Олар 1960 және 1980 жылы туған ағайынды адамдар екен.

Шөп иесіне қайтарылды. Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Өзгелердің жаңалығы