ШҚО-да өрттен 49 жастағы ер адам көз жұмды

14 Қараша 2021, 12:30
948
Бөлісу:
ШҚО-да өрттен 49 жастағы ер адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Глубокий ауданында көпқабатты үйде өрт шығып, Шығыс Қазақстан облысының 49 жастағы тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖМ хабарлағандай, Нагорная көшесіндегі үйлердің бірінде екінші қабаттағы пәтер отқа оранған. Жалын пәтердегі үй иелерінің жеке заттары мен төсек-орындарын шарпыған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер үйдің үш тұрғынын эвакуациялады, ал қатты түтін шығып жатқан көрші пәтерден 2007 жылғы қызды алып шықты. Сонымен қатар өрт шыққан пәтерден жанған заттардың иісінен улану белгілері бар 1972 жылғы ер адамның денесі табылды, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілердің екі шаршы метр аумақта шарпыған қызыл жалынды ауыздықтағандарын баса айта кетті. Өрттің алдын ала себебі – мас күйінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық.
Өзгелердің жаңалығы