Шығыс Қазақстанда найзағайдан шыққан орман өрті 3,5 гектарға жайылып кетті

18 Қыркүйек 2021, 19:03
2977
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда найзағайдан шыққан орман өрті 3,5 гектарға жайылып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында ормандағы өртпен 74 адам мен 11 техника күресіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы орманда өрт шыққан. Шөпті шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы қазіргі уақытта 3 жарым гектарға жетіп отыр. 

Оқиға орнында тілсіз жаумен өрт сөндірушілер және орманшылар күресуде. Сол жерге жалпы саны 74 адам мен 11 техника жұмылдырылған. Әзірге оттың беті қайтар емес, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 
Алдын ала мәлімет бойынша өрт найзағайдан шыққан.
Өзгелердің жаңалығы