ШҚО-да қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар қарқын алды

29 Мамыр 2019, 18:58
1784
Бөлісу:
ШҚО-да қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар қарқын алды
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО ғимаратының тест тапсыру залы бейнебақылау камераларымен жарақтандырылып, ғимараттың кіреберіс жолдары жөндеуден өткізілді. Бұл жөнінде ШҚ Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.

«Өңірде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға арнайы мониторингтік топ атсалысуда. Бұл топтың Департманет жанында жұмыс істеп жатқанына көп жыл болды. Қазіргі уақытта аталмыш топ Семей қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО бойынша бірқатар мәселелерді анықтап, оларды түзету мақсатында ұсыныстар жасады. Атап айтсақ, аталмыш мекеменің ғимаратына апаратын кіреберіс жолдардың болмауы, маңайының абаттандырылмауы, жол ережелері бойынша тест тапсыратын компьютер залы мен автодром мәселесіне қатысты проблемалар анықталған. Бүгінгі таңда арнайы топтың құрамындағы қоғам өкілдері мен Мемлекеттік корпорация бірлесе отырып орын алған кемшіліктердің көзін жойды», - деді ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінң ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы.

Жауапты тұлғаның айтуынша, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тест тапсыру залы бейнебақылау камераларымен жарақтандырылып, ғимараттың кіреберіс жолдары жөндеуден өткізілген. Қазіргі уақытта мекеме маңы абаттандырылу үстінде. 

Өзгелердің жаңалығы