ШҚО-да құдыққа түсіп кеткен 3 жасар бала көз жұмды

14 Маусым 2021, 22:37
4642
Бөлісу:
ШҚО-да құдыққа түсіп кеткен 3 жасар бала көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында құдыққа түсіп кеткен 3 жасар бала қаза тапты. 

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, Глубокое аудандық полиция бөліміне құдыққа құлаған 3 жасар баланың жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабар түскен. 

Ойнап жүріп жер үйдің ауласынан алыстаған бүлдіршін абайсызда құдыққа түсіп кетті. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ол медициналық мекеменің жансақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 
Өзгелердің жаңалығы