ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген тағы бір адам ұсталды
05 Қараша 2021, 17:57 113

ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген тағы бір адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басынан бері қос азаматтығы үшін 80-нен астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай фактілердің бірін 2 қарашада Бесқарағай ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады.

24 жастағы қыз 2021 жылдың мамыр айында Томск қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда осы уақытқа дейін бұл факт туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін хабардар етпей, сондай-ақ ҚР азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырмаған, осылайша, Қазақстан заңнамасын бұзды. Ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша 200 АЕК айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Шетелдіктен ҚР азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тіркелді.

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін және көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайтынын еске салады.



Фото: дереккөз
Загрузка...