ШҚО-да коронавирусты емдеу үшін 3,7 мыңнан астам төсек орын бар

23 Қыркүйек 2021, 00:46
2803
Бөлісу:
ШҚО-да коронавирусты емдеу үшін 3,7 мыңнан астам төсек орын бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда коронавирустың 43,5 мыңнан астам жағдайы анықталды. Науқастарға медициналық көмек көрсету үшін өңірде 39 инфекциялық стационар жұмыс істейді, деп хабарлайды Altaynews.

ШҚО әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, облыста 3709 төсек-орын, оның ішінде 364 реанимациялық және 490 карантиндік төсек бар.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 736 пациент емделуде. Оның ішінде 10 науқас өте ауыр, 72 – ауыр, 654 – орташа ауыр жағдайда. ӨЖЖ аппаратына 8 адам, инвазивті емес өкпе аппаратына 74 пациент қосылған. Карантиндік стационарларда 15 адам жатыр. Жалпы, облыс бойынша коронавируспен ауыратын науқастар үшін төсек қорының жұмыспен қамтылу пайызы 17,8 пайызды құрады.

Сондай-ай, өңірде эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда толық медициналық жабдықталған 8 мыңға дейін төсек-орын, оның ішінде 870-і реанимациялық төсек-орын ашу мүмкіндігі бар.




Өзгелердің жаңалығы