ШҚО-да кәсіпкерлерге өнімін саудалауға көмектесетін жаңа сайт ашылды

13 Қазан 2020, 09:29
1471
Бөлісу:
ШҚО-да кәсіпкерлерге өнімін саудалауға көмектесетін жаңа сайт ашылды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 200-ден астам шығысқазақстандық компания тіркелген тауар өндірушілер мен жұмыс берушілерге қызмет көрсететін арнайы сайт кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде.

Бүгінде осы мақсатқа орай құрылған «ShygysBusiness» платформасы арқылы құрылыс материалдарын, құрылғылары мен конструкцияларын өндірушілер өз өнімдерін тұтынатын топты оңай таба алады. Сайтта өңірде салынып жатқан ірі құрылыстарға қажетті материалдар, сметалық сомасы, тапсырыс беруші мен мердігер туралы барлық ақпаратты табуға болады. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізуге көмектесу мақсатында аталмыш платформа мемлекеттік органдарға, жер қойнауын пайдаланушыларға және «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес компанияларына ұсынылды. 

«ShygysBusiness» платформасында Шығыс Қазақстан облысының ірі құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамалары орналастырылған. Жергілікті тауар өндірушілер оларды құрылысы жүріп жатқан нысандармен байланыстыру үшін сайтқа тапсырыс бере алады, - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің сарапшысы Ринат Әлімбаев. 

Қазіргі таңда облыстық Кәсіпкерлер палатасы аймақтағы тауар жеткізушілер мен қызмет көрсетушілердің тізімін жасақтап жатыр. Жауапты тұлғаның айтуынша, азық-түлік, медициналық препараттар, автокөліктің, ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпкерлік нысандары аталмыш сайт арқылы өз тұтынушыларын тез таба алатын көрінеді.


Өзгелердің жаңалығы