ШҚО-да кәсіпкер 140 млн теңгенің субсидиясын жымқырған

30 Қараша 2021, 15:12
797
Бөлісу:
ШҚО-да кәсіпкер 140 млн теңгенің субсидиясын жымқырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 140 миллион теңгеге мемлекеттік субсидияны заңсыз алу дерегі анықталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті бірқатар үлестес кәсіпорын басшыларына қатысты субсидияларды заңсыз алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

ЖШС басшыларының бірі 2019-2020 жылдар аралығында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалпы сомасы 140 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған, - делінген хабарламада.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы үлестес кәсіпорындармен 1000-нан аса асылтұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар ұсынған. Ұйымдастырушы қамауға алынған. Агенттік тергеу жүргізіліп жатқанын, басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.


Өзгелердің жаңалығы