ШҚО-да ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды

26 Шілде 2021, 17:02
2426
Бөлісу:
ШҚО-да ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 шілдеде Шығыс Қазақстанда 77 сайлау округі бойынша ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің мәліметінше, округтар бойынша сайлаушылар тізіміне 111 мыңнан астам адам енгізілген. Дауыс беруге 101 мыңнан астам адам немесе 90,9 пайызы қатысты. Әкім орнына үміткерлер арасында 232 адам болды. Барлық 77 сайлау округінде әкімдер сайланды.

Оның ішінде 60 адамды Nur Otan партиясы, 11 адамды «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, 2 адамды ADAL партиясы және Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстанның Халық партиясы бір-бір адамнан ұсынды. Бұдан басқа, өзін-өзі ұсыну арқылы екі адам сайланды, - деді Ерсайын Нәбиев.

Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларына және БАҚ-та жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы