Бас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 500-ге жуық оқушы коронавирус жұқтырды
24 Қараша 2020, 10:45 218

Шығыс Қазақстанда 500-ге жуық оқушы коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны 500-ге жақындады, деп хабарлады Алтайньюс.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, аймақ көлемінде 477 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары – 125, ал 352 бала – онлайн білім алушы.

Сондай-ақ облыс бойынша 108 мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...