Бас жаңалықтар
ШҚО-да 271 рет орман өртенді
09 Қараша 2020, 23:10 149

ШҚО-да 271 рет орман өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өрт қаупі күшейген маусым аяқталды. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді.

Биыл өңірде 271 орман өрті тіркелді. Табиғатқа келтірілген шығын 1,8 миллиард теңгеден асып кетті.

Өңірде жалпы ауданы 4699,01 гектар орман алқабы өртенді. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында 171 өрт шықты, – деп мәлімдеді инспекция.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...