ШҚО-да 16 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр

20 Қараша 2020, 23:22
1301
Бөлісу:
ШҚО-да 16 ПТР-зертхана жұмыс істеп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында ПТР тестілеуді 16 зертхана жүргізеді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Асқар Хорошаш мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін 345 мыңнан астам адам тексерілді. Сондай-ақ қосымша 2 жаңа ПТР-зертхана ашылып жатыр.

Облыста 11 мың адамды тексере алатын 20 ПТР-зертхана жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта барлығы 16 зертхана жұмыс істеп тұр. 8 – жекеменшік, 8 – мемлекеттік зертхана. Бұл өңір халқы үшін жеткілікті деуге болады. Шығыс Қазақстан облысы осы көрсеткіш бойынша республикадағы жетекші өңірлерді бірі, – деді Асқар Хорошаш. 

Өзгелердің жаңалығы