Бас жаңалықтар
ШҚО-да 1500 жауынгер көктемгі әскери қызметке шақырылды
06 Мамыр 2021, 21:47 329

ШҚО-да 1500 жауынгер көктемгі әскери қызметке шақырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Шығыс Қазақстан облысында Отан Қорғаушылар күніне орай әскерге шақырылған азаматтарды Қазақстан армиясы қатарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Шығыс Қазақстан облысында Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында қазақстандық армияның құрамына жас сарбаздар жіберілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына түспа-түс келген әскери шақыртудың маңызы ерекше. Еліміздің Қарулы Күштері Отанымыздың шептерін нық күзетеді және Тәуелсіздіктің мызғымас негіздері - ұлттық қауіпсіздікті, жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілік пен келісімді күзетеді.

Биыл көктемгі әскерге шақыру маусымында Қазақстан армиясының қатары мерзімді қызметтегі 1500 жауынгермен толығады. Барлығы 18-27 жас аралығындағы жастар. Басым бөлігі 2000-2001 жылдары туғандар.

Роман Фунт Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданынан келді. Жас жігіт армияға баруды өзінің Отан алдындағы борышы деп санайды.

Мен өз еркіммен әскерге аттанып барамын. Әуе қорғаныс күштеріне қызмет етемін. Меніңше, әркім әскери мектептен өтуі керек. Отанымызды қорғау әрбір азаматтың борышы және міндеті деп ойлаймын, - дейді Роман Фунт.

Бір жыл ішінде оларды еліміздің түрлі әскери бөлімдеріне бөледі. Олардың арасында ҰҚК шекара қызметтері, Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ бөлімдері, сондай-ақ, Ұлттық ұлан бар.

Құрметті ардагерлер, генералдар мен офицерлер, сарбаздар мен сержанттар, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын! Ардагерлерге зор денсаулық, рух сергектігі, бейбітшілік пен амандық тілеймін! Ал әскери қызметшілерге Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту ісінде одан әрі табыстар тілеймін, - деді ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Қайырбек Қайырқанов.

Әскери бөлімдерді жасақтау аумақтық және аумақтан тыс қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушыларды елдің бір өңірінен басқа өңірге қызметке жіберу, әскери командалар бойынша іріктеу және бөлу кезінде кандидаттың денсаулық көрсеткіштері, сондай-ақ, моральдық-іскерлік қасиеттері ескеріледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...