Бас жаңалықтар
ШҚО билігі балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасаған
02 Маусым 2021, 10:43 42582

ШҚО билігі балалардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасаған

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да мекемелермен тығыз байланыс орнатып келеді.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтова мемлекеттік органның ел Президентінің бала құқығын қорғауды күшейтуге, осы саладағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге, және де балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсауды және қудалауды болдырмау бағытында берген тапсырмалары бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Осы жұмыстар аясында департамент білім және денсаулық сақтау басқармаларымен, «Шығыс Қазақстан облыстық халық денсаулығын және экологияны қорғау қауымдастығымен» мониторингтік бақылау жасау жөнінде өзара ынтымақтастық меморандумын жасасқан. Бұдан бөлек, құрамына құзырлы ведомстволардың және Полиция департаментінің қызметкерлері кіретін балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша мониторингтік топ құрылды.

Аталған топ, балалардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізіп, балалардың заңды құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, осы салада жұмыс істейтін ұйымдардың қоян-қолтық жұмыс істеуі бағытында жұмыстар жүргізеді, - деді Зейнеп Мақсұтова.

Мониторингтау аясында білім беру, денсаулық сақтау және жетімдер мен балаларға арналған халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ бүгінде екі мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатқан арнайы білім беру ұйымдарындағы балалардың білім алуына, тамақтануына, тасымалдануына, демалысына, денсаулығын жақсартуына және көңіл көтеруіне байланысты мәселелер қарастырылады. Ведомство мамандары қазірдің өзінде білім беру ұйымдарындағы жылы дәретханаларға байланысты мониторинг жүргізіп үлгерді. Сонымен қатар департамент тарапынан мемтептердің видеобақылау жүйесімен қамтамасыз етілуі де тексерілген.




Фото: дереккөз
Загрузка...