ШҚО Алтай ауданында жыл соңына дейін халықтан жиналатын сүт көлемі артады

15 Қазан 2020, 20:23
2045
Бөлісу:
ШҚО Алтай ауданында жыл соңына дейін халықтан жиналатын сүт көлемі артады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алтай ауданындағы өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 75 пайызы өсімдік шаруашылығына негізделсе, қалған 25 пайызы мал шаруашылығымен байланысты. Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонұсов хабарлады.

Ауданымызда көп көлемде өсірілетін дақыл түрлеріне бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, ал май дақылдарынан күнбағыс және рапс жатады. Сонымен қатар аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес, соя мен жүгері отырғызылатын дәнді-дақылдардың алқаптарының көлемін ұлғайтудамыз, - деді Қалихан Байғонұсов.

Аудан әкімінің хабарлауынша, бидай, күнбағыс пен рапс сияқты дақылдар Қытайға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Иранға және Моңғолияға экспортталатын көрінеді. 2019 жылы төрт миллиардтар астам теңге қаражат әкелген 50 мың тоннадан артық астық және май дақылдарының тұқымы экспортталған.

Жалпы, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласында мал шаруашылығының да маңыздылығын айта кеткен жөн болар. Жыл өткен сайын ауданымызда ірі қараның, ұсақ мал мен жылқының саны артып келеді. Сондай-ақ, ауданымыз сүтті ірі қара санын көбейтуге бағытталған жобаны жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта тұрғындардан 5,7 мың тоннадан астам сүт сатып алынуда. Жыл соңына қарай халықтан сатып алынатын сүт көлемін 6,5 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деп қосты Қалихан Байғонұсов. 


Өзгелердің жаңалығы