«Шкафта 1 млн 800 мың теңге жатқан» деген арыз түсті – ТЖК

2 Шілде 2019, 12:23
10142
Бөлісу:
«Шкафта 1 млн 800 мың теңге жатқан» деген арыз түсті – ТЖК
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Арыстағы төтенше жағдайға қатысты қазіргі кездегі деректермен бөлісті.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында ҚР ІІМ-нің жеке құрамда 421 адам мен 85 бірлік техника жұмыс атқаруда.
Владимир Беккердің айтуынша, 28 маусымда таңғы 8-дерде тұрғындар қалаға қайта кіргізіле бастады.

«27 шілдеде тұрғындарды қалаға кіргізу үшін дайындық жұмыстары толық атқарылды. Қала снарядтардан тазартылып, су, электр жүйесі қалпына келтірілді. 28 маусымда таңғы 8-дерде тұрғындар қалаға қайта кіргізіле бастады», - деді ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасы.

Сондай-ақ, ол қайта оралған тұрғындар жеке мүліктерінің жоғалғаны туралы арыз жазып жатқанын атап өтті.

«Жалпы алғанда 85 арыз келіп түсті. Олардың барлығы әртүрлі. Біреу келіп, шкафында 1 млн 800 мың теңге жатқанын, ал енді олардың жоғалып кеткенін айтып арызданды. Бірден айтып өтейін, полиция қызметкерлері жүргізген тексерістерден кейін, келіп түскен 85 арыздың 13-ін адамдар қайтып алды. Тұрғындар «арыз жазса болды, сол затты бізге қайтарып береді» деп үміттенеді. Мұндай деректер бар. Бір автокөліктің ұрланғаны туралы да арыз бар. Бұл мәселе шешімін табады деп ойлаймын», - деп сөзін толықтырды Владимир Беккер.
Өзгелердің жаңалығы