Бас жаңалықтар
Әшімбаев: Өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет
28 Қыркүйек 2020, 15:04 84

Әшімбаев: Өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақ әдебиеті күні десек, артық бола қоймас. Өйткені 28 қыркүйек – әдебиетіміздің үш бірдей алыбы Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның және Оралхан Бөкейдің туған күндері, деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Қайталанбас туындыларымен ұлттың жоғын түгендеген және ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет.⁣⁣ Осы ретте қазақтың әр баласы Әуезовті, Шерағаңды және «Алтайдың Кербұғысы» атанған Оралханды міндетті түрде оқуы керек дер едім. Сол арқылы біз Абайды танимыз және сөздің құдіретін зерделеуге, ұлттық болмысымыздың сән-салтанатына зер салуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, өркениеттің шыңына жетелейтін кітап оқу деген қағиданың қадір-қасиетін түсінеміз.⁣⁣ Заңғар жазушыларымыздың жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болсын! - деп жазды ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...