Әшімбаев: Бұл - қазақ руханияты үшін орны толмас ауыр қайғы

9 Шілде 2020, 16:29
2222
Бөлісу:
Әшімбаев: Бұл - қазақ руханияты үшін орны толмас ауыр қайғы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.

Қайталанбас әуезді әуендерімен халқының жүрегіне жол таба білген әйгілі композитор Кеңес Дүйсекеевтің дүниеден өткені туралы хабар баршамыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Бұл - қазақ руханияты үшін орны толмас ауыр қайғы. Кеңес Дүйсекеұлы саналы ғұмырын ұлтымыздың ән өнерін дамытуға арнаған және сол жолда еселі еңбек сіңірген абзал жан. Композитор көзі тірісінде-ақ қазақ музыкасының мэтрына айналып, әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Сондықтан ағамыздың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталып, оның өнегелі өмір жолы мен мол мұрасы ұлт руханиятының өрісін кеңейте берері сөзсіз. Кеңес ағамыздың қазасы қайырлы, жаны жәннатта, иманы саламат болсын, - деп жазды Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында. 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы