Шілде айынан бері ауруханалардағы жатын орындар 60% босады

10 Тамыз 2020, 16:02
2368
Бөлісу:
Шілде айынан бері ауруханалардағы жатын орындар 60% босады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.

Шілде айының басынан бері карантиннің 5 аптасында ауруханалардағы жатын орындар 60%-ға босады, оның ішінде жансақтау бөліміндегі орындар 58%-ға дейін босап отыр. Жедел жәрдем қызметіне хабарласу көрсеткіші де айтарлықтай азайған. Мәселен, коронавирус бойынша 68%-ға төмендеген. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жазылып шыққан науқастар саны – 73%-ға өсті, - деді Бағдат Қожахметов. 

Министрліктің ресми өкілінің мәлімдеуінше, жалпы Қазақстанда ауру түрлері мен өлім-жітім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда оң нәтижелі болып тұр. 

Тағы бір қуантарлық жайт – бала туу көрсеткішінің өсімі байқалады және керісінше нәрестелер өлімі 13,3%-ға төмендеген. Сондай-ақ, Қазақстанда туберкулезден болатын өлім 20%-ға азайған, - деді ол.

Бағдат Қожахметов бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтыру өсімі тоқтатылғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы