«Шеврон» кәсіпорындарға 248,5 млн доллар бөлуі мүмкін – министр

3 Мамыр 2022, 12:39
1293
Бөлісу:
«Шеврон» кәсіпорындарға 248,5 млн доллар бөлуі мүмкін – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарына арналған кеңесте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алудың жалпы көлемі 4,69 трлн теңгеге жетті. Жергілікті қамту үлесінің орташа салалық көрсеткіші - 2,9 трлн теңге, яғни 61,8 пайыз. Оның ішінде тауарлар - 24,3 пайыз жұмыстар - 76,4 пайыз көрсетілетін қызметтер - 53,6 пайыз. Жалпы, сатып алу көлемінің шамамен 75 пайызы 3 ірі операторға – Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтингке тиесілі. Сондай-ақ тағы 13 пайызы «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобына және 12 пайызы қалған жер қойнауын пайдаланушыларға тиесілі, - деді Болат Ақшолоқов.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов министрліктің екі бастаманы қолға алғанын айтты.

Біріншіден, Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылды, ол 3 ірі оператордың қажеттілігі үшін жергілікті тауарларды дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Екіншіден, «Шеврон» компаниясы өзінің республика алдындағы қайта инвестициялау міндеттемелері аясында Қазақстанның кірісті кәсіпорындарына 248,5 млн АҚШ долларын бөлуді қарастырып отыр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы