Шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі ұзартылды

21 Қыркүйек 2020, 11:13
1796
Бөлісу:
Шетелдіктердің Қазақстанда болу  мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі ұзартылды . Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз ішкі істер министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингте айтты.

Қазақстан Үкіметі әлемдік пандемияға қатысты елден шығып үлгермеген шетелдік азаматтарға рұқсат мерзімін 1 қарашаға дейін созу туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 16 наурызы мен 1 қарашасы аралығында мерзімі өтіп кеткен құжаттар ғана қабылданады. Сонымен қатар, елімізге визасыз келіп, қайта елдеріне оралып үлгермеген шетелдіктер үшін де 1 қарашаға дейін тұруға рұқсат беріледі, - деді ол. 
Ол 1 қарашаға дейін елде қалу мерзімін бұзып, кете алмай қалғаны үшін, шетелдіктер де және оларды қарсы алған азаматтар да әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.

Сондай-ақ, Нұрділда Ораз қаржы пирамидаларына қатысты қылмыс туралы айтып берді.

Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті 2016-2017 жылдар аралығында «Questra Holding», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «Five Winds Asset Managent» деген атаулармен қаржы пирамида құрған бірқатар еліміздің және басқа да мемлекеттердің азаматтарына қатысты тергеуді бастады. Олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық жапа шеккен. Қарапайым азаматтар бас-аяғы 1 млрд-тан астам қаржыға алданғанын айтып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы