Шетелдік журналистер қазақстандық әріптестерін құттықтады

28 Маусым 2020, 18:49
2440
Бөлісу:
Шетелдік журналистер қазақстандық әріптестерін құттықтады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік журналистер қазақстандық әріптестерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

ҚазАқпарат ХАА-ның хабарлауынша, Қазақстан журналистерін қазақ тілінде кәсіби мерекелерімен құттықтаған шетелдіктердің қатарында Бельгиядан Паскаль Хансен, Әзербайжаннан Вусал Тагибейли мен Фардин Исазаде, Италиядан Киара Спегни, Украинадан Олена Абрамович, Брюсельден Георги Готов, Финляндиядан Соили Семкина, Испаниядан Эстер Эрера, Татарстаннан Зилә Мөбәрәшкинә болды.

Құрметті қазақстандық журналист әріптестер! Сіздерді Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын, - деді әзербайжандық Вусал Тагибейли. 

Айта кетейік, аталған видеоролик ҚазАқпараттың Бельгиядағы меншікті тілшісі Тимур Дүйсекеев пен Әзербайжандағы меншікті тілшісі Бекбау Таймановтың және басқа да әріптестеріміздің көмегімен жасалды.


Өзгелердің жаңалығы