Қазақстанда шетелдік жүктері бар көліктерді бақылайтын жүйе құрылады

20 Мамыр 2020, 15:04
1305
Бөлісу:
Қазақстанда шетелдік жүктері бар көліктерді бақылайтын жүйе құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда шетелдік жүктері бар көлік құралдарын бақылау жүйесі құрылады. Бұған қатысты тиісті заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қабылданды.

Қазақстанда заңсыз транзиттік тауарлардың елге импортын болдырмайтын жүйе құрылады. Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау туралы заң жобасы аясында Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. 

Мәжіліс депутаты Павел Казанцевтің айтуынша, заң жобасы президенттің транзиттік тасымалдарды қадағалап отыру жүйесін құру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы арқылы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске, сонымен бірге Көлік құралдары туралы заңға өзгерістер енгізуді көздеп, халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі, навигациялық пломбалар секілді түсінікті енгізуді қарастырады, - деді заң жобасын таныстырған депутат Павел Казанцев.

Оның айтуынша, транзит Қазақстан аумағы арқылы өтеді, бірақ ол транзитпен аяқталмайды, жүк Қазақстан аумағында қалып қояды екен. 

Не болмаса, тауарды импорттау кезінде басқа елді мекен көрсетіледі, бірақ жүк ол жерге жетпейді, басқа аймақта қалады. Соның салдарынан қосылған құн салығы, жанама салықтар төленбейді, көлеңкелі экономика пайда болады. Сөйтіп, жүк көліктері көп жағдайда осы елде қалып, тауарлар заңсыз сатылады, - дейді депутат.

Сонымен қатар, заң жобасында электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бекітуі ұсынылады.

Ал депутат Мейрам Пішембаев халықаралық трафикті бақылаудың ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасы мен ЕАЭС аумағы бойынша тауарлардың бүкіл қозғалысын және оны межелі жерге дейін жеткізуді бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Заң жобасын қабылдау тауарлардың барлық бағыт бойынша өткізілуінің үздіксіз мониторингін, тауарлардың межелі пунктерге дейін жеткізілуін және бюджетке тиесілі салықтар мен баждардың толық төленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, төлемдері мен салықтары төленуге жататын тауарлардың өткізілуін қадағалау мүмкіндігі арқылы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру болжанып отыр, бұл бюджетке түсетін түсімдерді арттырады, - дейді Мейрам Пішембаев.

Өзгелердің жаңалығы