Бас жаңалықтар
Алматыда шетелдік жаттықтырушыны тонап кетті
29 Қыркүйек 2020, 18:20 136

Алматыда шетелдік жаттықтырушыны тонап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы шетелдік жаттықтырушыны тонап кеткен үй қызметшісін ұстады.

Алмалы аудандық Полиция басқармасы хабарлағандай, семсерлесу бойынша қазақстандық олимпиада құрамасының 60 жастағы жаттықтырушысы, көп мөлшерде ақша ұрланғаны туралы полицияға жүгінген.

Венгрия азаматының айтуынша, үйден мың еуродан астам қаражат жоғалып кеткен. Бірінші кезекте, біз шетелдіктің үйіне кіретін адамдарды тексердік. Толық тексеруден кейін күдіктілердің аясы тарылды. Осылайша, біз үйін тазалаған әйелді анықтай алдық. Жедел түрде күдіктінің ақшаны айырбастаған жері анықталды. Қажетті дәлелдемелер жиналғаннан кейін ол қамауға алынды. Үй тазалаушы өзінің кінәсін бірден мойындады, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Сондай-ақ ол бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұрлық туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған еді. 

Пост авторының айтуынша, шетелдік жаттықтырушы тергеу-жедел тобының жұмысын жоғары бағалап, шақыру бойынша келген тергеуші мен криминалистің  ағылшын тілін өте жақсы білуіне таңданған.


Фото: дереккөз
Загрузка...