Бас жаңалықтар
Министр: Шетелдік инвесторлар Каспий маңын зерттеуге ақша құюға дайын
18 Ақпан 2020, 10:41 209

Министр: Шетелдік инвесторлар Каспий маңын зерттеуге ақша құюға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Каспий маңы бассейннің терең қабаттарының потенциалы әлі толықтай бағаланған жоқ. Ал шетелдік инвесторлар бұл аймақты зерттетуге қаржы құюға дайын.

Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

Бүгінгі күн ескі сейсмикалық мәліметтер көп болғанмен, оның сапасы мен нақтылығы қазіргі талаптарға сәйкес келмейді. Сол себепті Каспий маңы бассейнінің терең қабаттарының потенциалы әлі толықтай бағаланған жоқ. Бұл – бассейн инвесторлар үшін тартымды аймақ. Қазіргі кезде көптеген отандық және шетелдік компаниялар осы бассейнде геологиялық зерттеулер жүргізуге деген өздерінің ниеттерін білдіруде. Сондықтан жаңартылған геологиялық ақпаратты алу үшін заманауи сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу қажет. Қазіргі уақытта геологиялық барлау жұмыстары жандандыруда. Атап айтар болсақ, игерілген бассейндерде "Қазмұнайгаз", "Shell" және тағы басқа компаниялар өз қаражаттары есебіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге қызығушылық танытып отыр. Олармен нақты жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, министрлік аз зерттелген шөгінді бассейндерде жоспарланған геологиялық зерттеу жұмыстарды мемлекеттік бюджет қаражатымен қатар, "Қазмұнайгаздың" қатысуымен жүргізу керек деп есептейді. Осы бағытта біз компаниямен жұмысты бастағалы отырмыз, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Бұған дейін, Үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын таныстыру барысында елдегі мұнай қоры бірқатар облыста азайып кеткенін, сондай-ақ геологиялық саланың алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі – қорларды толықтыру деңгейінің төмендігі екенін айтты.

Бұдан бөлек, министр елімізде 76 млрд тонна мұнай-газ ресурстары болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Фото: дереккөз
Загрузка...