Бас жаңалықтар
Шетелден ұшып келген үш жолаушыдан індет анықталды
21 Қаңтар 2021, 12:12 203

Шетелден ұшып келген үш жолаушыдан індет анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 20 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 


1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

 Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 577, анықтамасыз - 23;

 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 249; анықтамасыз - 234;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен - 58; анықтамасыз – 1.


Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша 2021 жылдың 19 қаңтарында анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша үш жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бір жолаушы Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...