Бас жаңалықтар
Шетелден келген бір жолаушыдан індет анықталды
02 Наурыз 2021, 14:15 2093

Шетелден келген бір жолаушыдан індет анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мальдив Республикасы, Түркия, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

2 091 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 892 адам, анықтамасыз 199 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 371 жолаушы, анықтамамен – 1 182, анықтамасыз - 189;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 476 жолаушы, анықтамамен - 468; анықтамасыз - 8.

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 142 жолаушы, анықтамамен - 140; анықтамасыз - 2.

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 102 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 28 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 729 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Киев – Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан, және Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...