Шетелден келген 37 жолаушыдан коронавиурс анықталды – Бекшин

10 Қараша 2020, 17:01
1076
Бөлісу:
Шетелден келген 37 жолаушыдан коронавиурс анықталды – Бекшин
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

 

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы ахауал жайлы баяндады.

Оның айтуынша, 2020 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша Алматыда 14 990  вирус жұқтыру жағдайы және анықталмаған пневмонияның 1 066 жағдайы тіркелген. 

Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырған 24 және анықталмаған пневмонияның 4 оқиғасы тіркелді. Коронавирустық инфекцияның 1 оқиғасы Стамбұл-Алматы рейсінде анықталды. Бұл ретте инфекцияның тәуліктік өсімі 0,2%, ал репродуктивтік саны 1,06 құрады, - деді ол.  

Сонымен қатар, ол осы жылдың 1 қазанынан 10-шы қараша аралығында Алматыда 576 коронавирус жұқтыру жағдайы мен 157 пневмония анықталғанын жеткізді. 

Вирустың таралуы негізінен кәсіпорын  ұжымы арасында және кеңселердегі жұқтырулар болып отыр. Кәсіпорында жұқтыру бойынша 192 оқиға тіркелген, бұл жалпы науқастардың 44% құрайды. Қоғамдық орындар мен қалалық көлікте жұқтырудың 129 жағдайы тіркелген. Үй ошағында жұқтырудың 79 жағдайы тіркелді. Бұл тұрғыда пәтердің кіреберісіне дезинфекция жасалу керек. Оған қоса осы аралықта шетелден келген 37 адамнан вирус анықталды, - деді Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы