Шет елдерден туристерді қайтару алгоритмі қарастырылуда - Мәдениет және спорт министрлігі

8 Қаңтар 2022, 10:23
1680
Бөлісу:
Шет елдерден туристерді қайтару алгоритмі қарастырылуда - Мәдениет және спорт министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты шет елдерден қазақстандық туристерді қайтару алгоритмі қарастырылуда. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай кезінде спорттық-бұқаралық, оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар және шығармашылық ұйымдардың жұмыстары тоқтатылады.

Билеттерді қайтару және ауыстыру рәсімдері олардың өткізілген орны бойынша елдегі төтенше жағдай аяқталған соң жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ қазіргі уақытта туризм салаларындағы және қызмет көрсету объектілерінде, оның ішінде жекелеген аймақтардағы белсенді демалыс объектілерін қоспағанда, орналастыру орындары, туристік базалар, санаторлы-курорттық объектілер,  демалыс аймақтары өз жұмыстарын штаттық режимде жүргізуде, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік ақысы төленіп қойған демалыстар (жолдамалар, турлар) құнын қайтару немесе қолайлы мерзімге ауыстыру мүмкіндігі елдегі төтенше жағдай аяқталған соң қолданыстаға заңнама аясында жүргізілетін болатынын хабарлады.

Бүгінгі күні шет ел курорттарында 7636 қазақстандық турист демалуда. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, шет елдерден туристерді қайтару алгоритмі қарастырылуда. Туристерді Қазақстанға қайтару мәселесіне қатысты туындағын барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады +7 701 534 05 80 (ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» КҚ), - дейді ведомство баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы