Шешенстанда Еуропадағы ең үлкен мешіт бой көтерді

25 Тамыз 2019, 12:35
1809
Бөлісу:
Шешенстанда Еуропадағы ең үлкен мешіт бой көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шешенстанда Еуропадағы ең үлкен мешіт бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Алланың үйі Грозный қаласынан 35 шақырымдай жерде Шали қаласында орналасқан. Ол ақ грек мәрмәр тасымен қаланып, алтын және өзге де асыл тастармен безендірілген. 

Мешіт күмбезінің биіктігі 43 метр, ал төрт мұнарасының биіктігі 63 метр болады. Оған бір уақытта 30 мың адам кіріп құлшылық ете алады. Ал мешіт мұсылмандардың ардақты пайғамбары Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам есімімен аталған.

Өзгелердің жаңалығы