Шереметьево әуежайына қонған ұшақ түгел өртеніп кетті

5 Мамыр 2019, 22:30
2507
Бөлісу:
Шереметьево әуежайына қонған ұшақ түгел өртеніп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мурманскіге бағыт алған SSJ-100 жолаушылар ұшағы  Шереметьево әуежайына апаттық жағдайда қонған сәтте отқа оранды. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.

«Жолаушылар ұшағы Шереметьеводан Мурманскіге ұшып шыққан. Алайда біраз уақыттан соң апаттық жағдайда қонуға рұқсат сұраған. Ұшақ қозғалтқышында шыққан өртке байланысты кері оралған», - делінген таратылған ақпаратта. 

Алдын ала болжам бойынша,  зардап шеккендер мен қайтыс болғандар бар. Жалын ұшақты түгел жалмаған, жолаушыларды жанып жатқан лайнерден түсірген.  Ұшақ бортында 78 адам болған. Өрт толықтай сөндірілді.

Өзгелердің жаңалығы