Бас жаңалықтар
Шекарашылар жасырын контрабандалық жүкті анықтады
29 Мамыр 2019, 11:31 283

Шекарашылар жасырын контрабандалық жүкті анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеше түнде Петропавловск шекара отрядының «Қарақоға-авто» бөлімшесінде Қазақстаннан Ресейге қарай «Вольво» жүк көлігімен, құжаттары бойынша 6100 кг «KARWOOL» плита-лайт жүгін әкетіп бара жатқан 1971 жылғы ресейлік ұсталды", - делінген таратылған ақпаратта. 

Шекарашылар оның автокөлігіндегі жүкті арнайы құралдармен тереңдете тексеру барысында 70 куб көлемінде, акциздік маркалары жоқ «Zumrret», қызыл және көк «Dubao» маркалы Руымынияда шығарылған темекі өнімдерін тауып алды. Табылған заңсыз жүк Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық қылмыстарға қарсы департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық