Бас жаңалықтар
Шекарашылар киік мүйізін заңсыз алып жүргендерді анықтады
16 Мамыр 2021, 17:17 489

Шекарашылар киік мүйізін заңсыз алып жүргендерді анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 сәуірде басталған «Ақбөкен» республикалық көктемгі табиғатты қорғау айлық акциясы аяқталды, де хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің баспасөз қызметі.

 Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Ішкі істер, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, құрып кету қаупі төнген дала бөкендерін, әсіресе олардың өсімін молайту кезеңінде заңсыз атуға тосқауыл қояды.

Қазақстан Президенті браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Заңнамадағы өзгерістер браконьерлердің санын қысқартқанымен, олардың қылмыстық әрекеті тоқтар емес. Тек соңғы екі жылдың ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі жануарларды (оның ішінде «Қызыл кітапқа енгізілген») және дериваттарды заңсыз тасымалдаудың 34-тен астам жағдайын анықтады. Экологиялық залал 4 млрд теңгеден асты. Қазақстандық шекарашылар 1648 дана киік мүйізін заңсыз алып жүрудің жолын кесті. Шығын 2 млрд теңгеден асты.

Дала бөкендері ерекше. Өйткені, олар шамамен 50-70 мың жыл бұрын пайда болды, мамонттар дәуірінен бүгінгі күнге дейін өмір сүруде. Еуропаның қиыр батысынан Орталық Аляска мен Канаданың солтүстік-батысына дейін осы таңғажайып жануарларды кездестіруге болады. Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысында адамдар дала кеңістігін қоныстануы салдарынан және Еуропада да, Азияда да киіктердің саны тез төмендей бастады.

Бүгінгі таңда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша әлемдегі киіктердің 90% - дан астамы Қазақстан аумағында мекендейді. Ғалымдар олардың арасында үш популяцияны белгілейді - Бетпақдала, Орал және Үстірт. Сондықтан біз әлемнің барлық тұрғындары үшін осы сирек кездесетін түрді біздің жерімізде сақтауға жауаптымыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...