Бас жаңалықтар
Шекарашылар ірі көлемдегі контрабанданы тәркіледі
29 Наурыз 2019, 09:26 380

Шекарашылар ірі көлемдегі контрабанданы тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше түнде Қорғастық шекарашылар жалпы құны 6 950 000 теңгенің тауарын елімізге контрабандалық жолмен енгізбек болған үш Қазақстан азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Контрабандашылар «Голден Дир» және «Алюр» маркалы темекі өнімдері толтырылған 35 қорапты алдын ала Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағындағы шетелдермен қатынасатын автокөліктер тұрағының маңайындағы арыққа жасырып кетіпті. Оны кешкісін Орталық аумағын аралап жүрген шекара наряды тауып алған.

Қылмыскерлердің ойларын бірден аңғарған шекарашылар тауар табылған жерге тосқауыл қояды. Түн қараңғылығын жамылып, сағат 4-тер шамасында сол жаққа қарай жасырын келе жатқан 28, 29 жастардағы үш жігіт қылмыс үстінде қолға түсті. Іспен Панфилов аудандық полиция бөлімі айналысуда.

 



Фото: дереккөз
Загрузка...