Бас жаңалықтар
Шекарашылар автокөліктен оқ-дәрі тауып алды
15 Наурыз 2019, 09:14 670

Шекарашылар автокөліктен оқ-дәрі тауып алды

Астана, BAQ.KZ. Қорғастық шекарашылар кеше, күндізгі сағат 10:30 шамасында Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына жекеменшік «TOYOTA PRADO» автокөлігімен кірмекші болған 41 жастағы қазақстандық әйел адамды ұстады. 

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қызметтік иттің көмегіне сүйене отырып әлгі әйелдің автокөлігін тексерген шекара наряды көліктің оң жақ есігінің қуысынан 7,62*39 мм калибрлі 13 дана оқ тауып алды. Оқтардың шығарылған уақыты көрсетілмеген. Автокөлік мөрленіп, кеден қызметінің тұрағына, күзетке қойылды. Істің жай-жапсарын Алматы облысының Панфилов аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.

Загрузка...

Сізден жаңалық