Бас жаңалықтар
Шекаралық өткізу пунктерінде көлік қозғалысы автоматтандырылады
08 Қыркүйек 2021, 23:32 118

Шекаралық өткізу пунктерінде көлік қозғалысы автоматтандырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ЕАЭО-ға импортталған тауарларға қосылған құн салығы бойынша түсімдер 136%-ға артты. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кедендік инфрақұрылымдарды, атап айтқанда, жоспарланған 10 өткізу пунктін жаңғырту көлік қозғалысын 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейтеді. Тәулігіне өткізу қабілеті 8 есе артады. Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Көлік қозғалысының бүкіл циклі автоматтандырылады, – деді спикер.
Осы шаралардың нәтижесінде жалған транзит үлесін 2019 жылғы 28%-дан биыл 1,3%-ға дейін төмендетілді.
Жыл басынан бастап жалған транзитпен айналысқандардың мекенжайына тауар жеткізудің 177 фактісі анықталды. Өткен жылдары осындай 11 мың факт анықталған болатын. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл ЕАЭО-ға импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы түсімдері 136%-ға немесе 149 млрд теңгеге артты, – деді Жайдар Іңкәрбаев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...