Шекарадан заңсыз дәрілер кіргізбек болған азамат ұсталды

16 Қаңтар 2019, 11:23
1752
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз дәрілер кіргізбек болған азамат ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Қорғас шекарасынан заңсыз қытайдың дірілер кіргізбек болған азамат ұсталды, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекара наряды 2019 жылғы 15 қаңтарда шекаралық және кедендік бақылаудан өтіп болған 21 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Оның жүгінен шекарашылар біздің елдің аумағына заңсыз енгізбекші болған 4 қорапта, жалпы салмағы 68,5 кг тартатын қытай дәрі-дәрмегін анықтаған. Ұсталған азаматтың жүгі актіленіп Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды. Сараптама жүргізілгеннен кейін заңсыз жүктің иесі әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы