Шекарадан заңсыз арақ өткізбек болған

26 Ақпан 2019, 10:00
1700
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз арақ өткізбек болған

Астана, BAQ.KZ. Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында заңсыз арақ алып өтпек болған азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Шекарашылар кеше, түс ауа, Орталық аумағынан қайтып келе жатқан, шекаралық тексеруді өтіп болған 1989 жылы туған қазақстандықты ұстады. Ол ел аумағына 140 шөлмек қытай арағын заңсыз өткізбек болған екен», - делінген хабарламада.

Дәл осы шекара наряды «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, сағат 18:00 шамасында 22 жастағы қазақстандық азаматшаны 1000-нан астам компьютердің, 333 дана смартфондар дисплейін заңсыз алып өтпек болғандығы үшін ұстады.

Демалыс күндері бұл отрядтың шекарашылары Орталық аумағынан, иесіз, екі тоннадан астам халық тұтынатын тауарлар мен 1 центнерге жуық қытай дәрі-дәрмегін, 10 килограмға жуық ұялы телефонның жабдықтарын тауып алып, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырған.

Өзгелердің жаңалығы