Бас жаңалықтар
Шекарадағы санитарлық бақылауды күшейту қажет – Ерлан Қиясов
14 Қазан 2020, 12:04 79

Шекарадағы санитарлық бақылауды күшейту қажет – Ерлан Қиясов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірқатар елде эпидемиологиялық жағдай нашарлауда және Қазақстанға коронавирус инфекциясының сырттан тасымалдануына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе қатынасын азайтуды ұсынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 6 қазан сағат 00.00-ден бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 33 600 ҚР азаматы мен шетелдік, оның ішінде 10 051 жолаушы кесіп өтті, 3 322 адам карантиндік стационарларға орналастырылды, оның ішінде 60-нан індет анықталды. Халықаралық авиарейстермен 14 832 жолаушы келді, оның 3 051-і тестілеуден өтті, 9-нан ауру анықталды,-деді Ерлан Қиясов.
Шекарада шараларды күшейту мәселесі талқыланды.
Әлемдегі КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шекарада бақылауды күшейту және инфекцияның тасымалдануы мен таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына Украина, БАӘ, Германия және Беларусьпен әуе рейстерінің санын қысқарту, шекарада шараларды күшейту мәселесі талқыланды,-деді ол.
Сонымен қатар, халықаралық екі жақты жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерде анықтама болмаса, оларды карантиндік стационарға жатқызбау үшін шекарада ПТР-тесттен өткізу ұсынылады. Ал жүргізушінің ауру жұқтырғаны расталған жағдайда, орналасқан жері бойынша карантинге жабу қажет.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...