Шекарада тәркіленген 900 мың маска денсаулық сақтау басқармасына берілді

6 Мамыр 2020, 11:39
1619
Бөлісу:
Шекарада тәркіленген 900 мың маска денсаулық сақтау басқармасына берілді

Алматы, BAQ.KZ. Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаменті "Қайрақ" шекара бекетінде тәркіленген 900 мың маска Денсаулық сақтау басқармасына берілгенін мәлімдеді. 

5 мамырда Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері  облыстық денсаулық сақтау басқармасына 906 732 медициналық масканы тапсырды. Осыған дейін, бұл маскалар "Қайрақ" шекаралық бекетінің қызметкерлерімен бірлесіп, ЖІШ өткізу барысында ұсталған Қазақстаннан Ресейге жол тартқан жүк көлігінде табылды. Алдын ала есептелген келтірілген залал сомасы 27 780 000 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.  

Айыпты тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 214-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы