Шекарада қомақты ақшамен Қытай азаматы ұсталды

10 Қазан 2019, 11:53
2406
Бөлісу:
Шекарада қомақты ақшамен Қытай азаматы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай азаматы Қазақстанға 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты әкелмек болған, деп хабарлады шекараның баспаөз қызметі.


"Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекеті қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б қызметкерлерімен бірлесіп кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ҚХР-ның ҚР-на кіруі кезінде ҚХР азаматынан белгіленген нысанда декларацияланбаған ақша қаражатын, атап айтқанда 7 584 000 теңге анықталды", - делінген таратылған ақпаратта.

Қазіргі уақытта ҚХР азаматын ҚР ӘҚБт Кодексінің 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.
 


Өзгелердің жаңалығы