Түйіншекті лақтырып үлгергенімен, шекарашылардан құтылмады

19 Желтоқсан 2018, 07:46
2707
Бөлісу:
Түйіншекті лақтырып үлгергенімен, шекарашылардан құтылмады
Фото: cojo.ru

Астана, BAQ.KZ. Өткен түні Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде шекарадан есірткі алып өтпек болған қырғызстандық азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.


 

"Қордай шекара отрядының «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде өткен түнде (2018 ж.12.18, сағат 21.15-тер шамасы) Қырғызстаннан жаяу келе жатқан 46 жастағы қазақстандық, төлқұжатын тексеріп болғаннан кейін біздің елдің аумағына кіре бере, алда күтіп тұрған шекарашылардың көзін ала беріп, оң жақ жан қалтасынан екі түйіншекті еппен суырып, «Рапискан» аппаратының астына қарай лақтырып жіберді. Бұл әрекетті көзі шалып қалған шекарашылардың бірі есірткі ұстауға арнайы үйретілген «Сайған» атты қызметтік итпен түйіншек иесін адым аттатпай ұстады" - делінген хабарламада.
Шекарашыларды көргенде бұл азаматтың дегбірін қашырған, түйіншектердің ішіндегі салмағы 10 граммға жуық гашиш есірткі заты болып шықты. Құқық қорғау органдары хабарланды. Әрі қарай бұл іспен солар айналысатын болады.
 
Өзгелердің жаңалығы