Бас жаңалықтар
Шегірткемен күреске 65 млн теңге бөлінді
14 Сәуiр 2021, 19:40 287

Шегірткемен күреске 65 млн теңге бөлінді

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Астықты өңірде шегірткемен күресуге 65 млн теңге бөлінді. Мамандар алқаптарды аралауға жер құрғағаннан кейін кіріспек.

Облыстың оңтүстігінде шегіртке шабуылы қауіпті болуы тиіс. Оның алдын алу жұмыстары Амангелді, Жангелдин және Қамысты аудандарында жүргізілмек. 2021 жылы Қостанай өңірінде химиялық өңдеуден өтетін жер көлемі 98,3 мың га деп жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы мамандары алқаптарды залалсыздандыруға бөлінген қаражат жеткілікті екенін атап өтті.

Зиянкестер ұялаған жерлерді анықтау үшін алқаптарды зерттеуді мамандар топырақ құрғаған кезде жүргізеді. Экономикалық зияндылық шегінен жоғары алаң анықталған жағдайда химиялық өңдеу басталады, – деп хабарлады инспекция.

Шегірткемен күреске 11 арнайы машина, атап айтқанда, сегіз бүріккіш және жеңіл авиацияның үш борты жұмылдырылады.

Қоса кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылы Қазақстанда 640 мың гектар алқапқа зиянкестер шабуыл жасайды деп күтілуде. Аталған қауіптің алдын алуға ел қазынасынан шамамен 2 млрд теңге қарастырылып отыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...