Щегорцова жаңа қызметке тағайындалды

7 Қараша 2019, 10:22
2275
Бөлісу:
Щегорцова жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның ұсынуымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Анастасия Геннадьевна Щегорцова тағайындалды. 

ҚР Конституциясына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне кандидатураны палата төрағасы ұсынады. 

Маған берілген құқықты пайдалана отырып мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Анастасия Геннадьевна Щегорцованы ұсынамын. Ол – жоғары білімді маман. Астана қаласы әкімдігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде басшы қызметтерді атқарды. Соңғы жылдары Орталық сайлау комиссиясында қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жасау бөлімін басқарды. Мен ұсынған кандидатураны Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті алдын ала талқылап, тиісті қорытынды әзірледі, - деді Назарбаева.

Парламент Сенатының депутаттарының 44-і ұсынысты қолдап дауыс берсе, 1 адам дауыс бермеді. 

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Жаңа қызметте табыс тілеймін, - деп тіледі Сенат төрағасы Щегорцоваға.



Өзгелердің жаңалығы