Бас жаңалықтар
Шайбалы хоккейден Астанада өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылымға түсті
05 Наурыз 2019, 18:03 369

Шайбалы хоккейден Астанада өтетін әлем чемпионатының билеттері сатылымға түсті

Астана, BAQ.KZ. Биыл шайбалы хоккейден Астанада өтетін бірінші дивизиондағы әлем чемпионаты, А тобындағы  матчтардың билеттері сатылымға түсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Билеттерге онлайн сатылым сервисі арқылы қол жеткізуге болады. Билет алу үшін жанкүйер алдымен өзі баратын матчты, секторды, қатар мен орынды таңдауы керек. 

«Сәуір айынан бастап билеттерді ҚХЛ матчтарының билеті сатылатын орындардан (оның ішінде «Барыс-арена» кассасы да бар) алуға мүмкіндік бар. Хоккей жанкүйерлеріне әлем чемпионатының сайты мемлекеттік тілде жұмыс істейтінін ескертеміз», - дейді Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Каратаев. 

Билет бағалары ҚХЛ-да сынға түсетін «Барыс» ойындарының бағасынан артық болмайды. 

Қазақстан құрамасының матчына арналған ең төменгі билет бағассы 700 теңгеден басталса, өзге құрамалар үшін төменгі баға 400 теңгені құрап отыр. 

Жеті жасқа дейінгі балалар жарысқа тегін кіргізіледі. 

Загрузка...